«Алатау қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабы 5-тармағына және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2023 жылғы 16 қаңтардағы №21 бұйрығымен бекітілген ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізудің үлгілік қағидаларының 4-тармағына сәйкес(нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №31713 болып тіркелген), БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Алатау қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-нің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілсін.
  2. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауға жататын қызмет кезеңі 2025 жыл белгіленсін.
  3. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі жұмыс тобының( бұдан әрі – жұмыс тобы) қоса беріліп отырған құрамы бекітілсін.
  4. Жұмыс тобы үшін сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мерзімі 2026 жылғы 18 наурыздан 6 сәуірге дейінгі аралық болып бегіленсін.
  5. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілсін:

         1) қызметті реттетін нормативтік құқықтық актілерден сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін айқындау;

         2) ұйымдастырушылық – басқарушылық қызметте сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін айқындау.

         Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бойынша ұсыныстар болған жағдайда Сіз келесі телефон бойынша хабарласа аласыз:8 (776) 131 13 11.

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-alatau/press/news/details/1183892?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version