
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабы 5-тармағына және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2023 жылғы 16 қаңтардағы №21 бұйрығымен бекітілген ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізудің үлгілік қағидаларының 4-тармағына сәйкес(нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №31713 болып тіркелген), БҰЙЫРАМЫН:
- «Алатау қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-нің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілсін.
- Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауға жататын қызмет кезеңі 2025 жыл белгіленсін.
- Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі жұмыс тобының( бұдан әрі – жұмыс тобы) қоса беріліп отырған құрамы бекітілсін.
- Жұмыс тобы үшін сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мерзімі 2026 жылғы 18 наурыздан 6 сәуірге дейінгі аралық болып бегіленсін.
- Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілсін:
1) қызметті реттетін нормативтік құқықтық актілерден сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін айқындау;
2) ұйымдастырушылық – басқарушылық қызметте сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін айқындау.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бойынша ұсыныстар болған жағдайда Сіз келесі телефон бойынша хабарласа аласыз:8 (776) 131 13 11.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-alatau/press/news/details/1183892?lang=kk

Жауап қалдыру