«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығында жастар ортасындағы негізгі өзгерістер мен мемлекеттік жастар саясаты саласында талдау жүргізудің жаңа бағыттарына арналған «Қазақстан жастары – 2026» Ұлттық баяндамасының құрылымы бойынша сараптамалық жиын өтті.
Іс-шараға мемлекеттік органдар, сарапшылар қауымдастығы, зерттеу орталықтары, халықаралық ұйымдар, үкіметтік емес сектор мен жастар бірлестіктерінің өкілдері қатысты.
Отырыс барысында құжатты әзірлеуде ең алдымен Мемлекет басшысы айқындаған Қазақстан Республикасының ішкі саясатының негізгі қағидаттары, құндылықтары мен бағыттары аясында белгіленген нарративтер ескерілетіні атап өтілді.
Сондай-ақ сарапшылар жастарға қазіргі заманғы үрдістердің әсеріне ерекше көңіл бөлінетінін сөз етті. Сонымен қатар демографиялық жағдай мен жаһандық үдерістердің жастар ортасына ықпалы да талқыланды.
Айта кету керек, «Қазақстан жастары» Ұлттық баяндамасы 2013 жылдан бері «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы тарапынан жыл сайын дайындалып келеді. 2026 жылы аталған құжаттың 14-ші Ұлттық баяндамасы әзірленіп жатыр.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/1184627?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау