Аудан әкімінің қабылдауында аудан аумағында тау-кен өндірісімен айналысатын кәсіпорын өкілдері болды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Аудан әкімінің қабылдауында аудан аумағында тау-кен өндірісімен айналысатын кәсіпорын өкілдері болды. Атап айтқанда:
🔹 “Altai Resources” ЖШС-нің жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі менеджері – Мухамедияр Айымжан;
🔹 “Толағай Кен” ЖШС бас директорының орынбасары – Омарғалиев Дидарбек.

Кездесу барысында кәсіпорындардың аудан аумағындағы биылғы жылға арналған жоспарлары талқыланды.

Айта кету керек, “Altai Resources” ЖШС Биғаш ауылдық округінің аумағында никель кеніне қатысты геологиялық барлау жұмыстарын қайта жандандыруды жоспарлап отыр.

Сонымен қатар, кездесу барысында кәсіпорындармен бірлесіп жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамту, әлеуметтік жауапкершілік және аудан экономикасына қосар үлесі сияқты маңызды мәселелер де пысықталды.

Алдағы уақытта да аудан аумағында жүзеге асырылатын өндірістік жобалардың жергілікті халықтың әл-ауқатын арттыруға және жаңа жұмыс орындарын ашуға ықпал етуі басты назарда болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kokpekti/press/news/details/1184201?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version