2026 жылғы 11–14 наурыз аралығында Теміртау қаласында конькимен жүгіру спортынан Қазақстан Республикасы Кубогының ІІ кезеңі мәресіне жетті. Айтулы додада Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты «ШҚО спорттың қысқы түрлері бойынша ЖСШМ» КММ тәрбиеленушісі Джахонгир Әбілқасымов үздік нәтиже көрсетіп, қола жүлдені иеленді.
Бұл жеңіс — спортшының қажырлы еңбегі мен күнделікті жаттығуларының жемісі. Джахонгирдің көрсеткен нәтижесі облысымыздың барлық жас спортшылары үшін нағыз үлгі болары анық. Әрбір жаттығу, әрбір қадам үлкен белестерге жақындата түседі. Қиындықтардан қорықпай, оларды еңсере білу — нағыз чемпионға тән қасиет.
Шығыс Қазақстан — қайсар рухты, мақсатшыл жандардың мекені. Осы табыс жаңа жетістіктер мен бұдан да зор жеңістерге жол ашсын! Жеңіс құтты болсын!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-sport/press/news/details/1184203?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау