Ағымдағы жылдың 17 наурызында депутат Б.Бидаулетованың төрағалығымен аудандық мәслихаттың бюджет және әлеуметтік-экономикалық даму, заңдылық, құқықтық тәртіп және қоғамдық бірлестіктермен байланыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияларының бірлескен жоспарлы отырысы өтті.
Күн тәртібінде 5 мәселе қаралды:
– Ілияс Омаров атындағы ауылдық округі әкімінің жүктелген функциялар мен міндеттерді орындау туралы есебі;
– «Алтынсарин ауданының төтенше жағдайлар бөлімі» аймақтық мемлекеттік мекемесінің қызметі туралы;
– Мәслихаттың 2025 жылғы 26 желтоқсандағы №170 «Алтынсарин ауданының 2026 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
– Мәслихаттың 2025 жылғы 30 желтоқсандағы №178 «Алтынсарин ауданының 2026-2028 жылдарға арналған ауылдары мен ауылдық округтерінің бюджеттері туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы;
– Алтынсарин ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен салаларының мамандарына, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметкерлеріне 2026 жылға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-altynsarin/press/news/details/1184110?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау