ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі су тасқынына дайындық бойынша дөңгелек үстел

Жарияланды:

Автор:

категорияда

  2026 жылғы 18 наурызда ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау: су тасқыны кезеңінің тұрақты өтуін қамтамасыз ету» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

  Спикер ретінде ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайлардың алдын алу комитетінің төрағасы Жүнісбеков Серік Тұрсынәліұлы сөз сөйледі. Сонымен қатар  су ресурстары және ирригация, экология және табиғи ресурстар, көлік министрліктерінің, «Қазгидромет» РМК өкілдері қатысты.

  Спикер Серік Жүнісбеков хабарлағандай, ТЖМ орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, елімізде су тасқыны кезеңіне дайындық бойынша кешенді шаралар қабылдауда.

  2025 жылдың қараша және желтоқсан айларында министрліктің лауазымды тұлғалары су тасқыны кезеңіне дайындығын бағалау үшін өңірлерді аралады.

  Инженерлік жұмыстардың өңірлік жоспарлары аясында су тасқынына қарсы 821 іс-шараның 760-ы іске асырылды.

  Әлеуметтік-экономикалық дамудың кешенді жоспарларымен және даму жоспарларымен 258 іс-шараның 201-і іске асырылды.

  Өңірлерде 831 км қорғаныш бөгендері мен біліктері тұрғызылды, 1 128 км дренаж жүйелері, каналдар мен арықтар жөнделді және салынды, автомобиль және теміржол қатынастарында 934 су өткізу құрылыстары орнатылды және ауыстырылды.

  Өзендердің су тасқыны қаупі бар учаскелерінде шамамен 166 км тереңдету, 255 км жағалауды нығайту, 221 км түзету және олардың арналарын 172 шақырым тазарту жұмыстары жүргізілді.

  Қабылданған шаралармен 234 елді мекеннің қорғалу деңгейі артты және 1 242 су тасқыны қаупі бар елді мекендердің 736 елді мекені үшін су басу қаупі азайтылды.

  Қазіргі уақытта су тасқыны жағдайын бағалау үшін 130 елді мекенді қамти отырып, еліміздің 10 өңірінде 17 ұшу жүргізілді. Аэровизуалды тексерулер жалғасуда.

  Су тасқыны құбылыстарын азайту үшін жергілікті атқарушы органдар елді мекендерден 5 млн м3 астам қар алып шықты, 126 мың тонна жанар-жағармай, 374 мың тонна инертті материалдар, 4,5 млн қапшықтар дайындалды, өзендердің қауіпті учаскелерінде жарылыс жұмыстарын ұйымдастыру және азық-түлік беру бойынша шарттар жасалды.

  Қазірдің өзінде өзендердегі кептелістер мен мұзқұрсаудан  азайту мақсатында жалпы ауданы 243 мың м2 болатын 106 учаскеде жарылыс жұмыстары жүргізілді.

  Халықты оқыту және ақпараттандыру жүргізіледі, елді мекендер бойынша рейдтер, халықпен жиындар жүзеге асырылады, олардың барысында су тасқыны кезіндегі іс-қимыл қағидалары бар жадынамалар таратылады.

  Қазгидрометтің болжамын ескере отырып, негізгі ресурс тәуекелі жоғары өңірлерде Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан мен Абай облыстарының аумақтарында шоғырланатын болады.

  Өткен жылмен ұқсастығы бойынша «Қазгидромет» РМК-ның болжамды деректері Су ресурстары және ирригация министрлігінің Talsim-NG бағдарламалық қамтамасыз етуі негізінде Tasqyn ақпараттық жүйелерінде су тасқыны кезеңіне ықтимал қауіптерді модельдеу бойынша жұмыс жалғасуда.

  Қазіргі уақытта аталған ақпараттық жүйелер Ақмола, Қарағанды, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Абай облысының 30 елді мекені үшін мүмкін қауіп-қатерді модельдеді.

  Жалпы саны 39 мыңнан астам адам, 12 мың бірлік техника, 4 мыңнан астам су сору және 700 жүзу құралы бар азаматтық қорғау қызметтерінің күштері мен құралдарын топтары бекітілді.

  Сондай-ақ министрліктің құрамында 930 адам, 113 түрлі мақсаттағы техника, 99 су сорғыш және 35 жүзу құралы бар күштер мен құралдар резерві тұрақты дайындықта тұр.

  Қажет болған жағдайда алгоритмге сәйкес Төтенше жағдайлар министрлігінің, Ұлттық ұланның, Қорғаныс министрлігінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің авиациясын, сондай-ақ «Қазақстан Темір жолы» ҰК» АҚ теміржол көлігін тарту жоспарлануда.

  Жалпы азаматтық қорғау қызметтерінің дайындығы «Көктем» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы шеңберінде тексерілді. Ведомствоаралық өзара іс-қимыл алгоритмдері, халықты эвакуациялау және уақытша орналастырудың 3 мыңнан астам пунктінің дайындығы мәселелері пысықталды.

  Су тасқыны жағдайының дамуына байланысты су басу аймақтарында күштерді жедел арттыру көзделген.

  2026 жылғы 1 наурыздан бастап Су ресурстары және ирригация, экология және табиғи ресурстар, көлік, денсаулық сақтау, ішкі істер, жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің өкілдерін тарта отырып, Министрліктің жедел су тасқынына қарсы штабы тәулік бойы жұмыс істейді. Су тасқыны қаупі бар елді мекендердің гидрологиялық жағдайына және жай-күйіне тұрақты мониторинг қамтамасыз етіледі.

  Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық қызметтер жоғары дайындық режимінде. Жағдай қиындаған кезде қажетті шешімдер дереу қабылданады.

 

 

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/1184111?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version