Алғашқы мәселе – ауданда халықты жұмыспен қамту және жұмыссыздықты азайту шараларының орындалу барысы болды. Осы бағытта аудандық «Мансап» орталығы филиалының директоры Нұрбол Құрмашев кең көлемде баяндама жасап, өңір тұрғындарын жұмыспен қамтуға бағытталған жұмыстардың жүзеге асырылуы мен салалық бағдарламалар аясындағы негізгі міндеттерге тоқталды.
Екінші мәселе – Ұлыстың ұлы күні Әз-Наурыз мерекесіне дайындық барысы. Аталған тақырып бойынша аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Жеңісбек Сейітбеков мерекеге орай ұйымдастырылатын іс-шаралар жоспарын жан-жақты таныстырды. Сонымен қатар, аудан әкімінің орынбасары Анар Ахметова жалпыхалықтық мерекеге дайындық аясында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.
Кеңес қорытындысында жиынға төрағалық еткен аудан әкімі Жалғас Мұртаза күн тәртібінде қаралған мәселелердің маңыздылығын атап өтіп, Наурыз мерекесінің тарихи әрі тәрбиелік мәніне ерекше тоқталды. Сондай-ақ, ұлық мерекені аудан тұрғындары болып жоғары деңгейде атап өтудің маңызын атап өтті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-zhualy/press/news/details/1184603?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау