Департаменттің халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімімен 2025 жылғы 12 айда профилактикалық бақылау жүргізудің тізіміне сәйкес 32 объектіге профилактикалық бақылау және 22 объектіге жоспардан тыс тексеру, барлығы 54 субъекті тексеру шараларымен қамтылды.
Профилактикалық бақылау жүргізілген 16 субъектіде мүгедектігі бар адамдардың қолжетімділігі, 7 субъекті арнаулы әлеуметтік қызметтердің көрсетілуі, 5 субъекті арнаулы әлеуметтік қызметтердің көрсетілуі және мүгедектігі бар адамдарды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламаларының орындалуы, 4 субъекті мүгедектігі бар адамдарды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламаларының орындалуы заңдылығына тексеріліп, нәтижесінде 122 заңбұзушылық анықталып (о.і. мүгедектігі бар адамдардың қолжетімділігі бойынша – 49, арнаулы әлеуметтік қызметтер бойынша – 63, мүгедектігі бар адамдарды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламаларының орындалуы – 10), оларды жою туралы 27 нұсқама берілді (мүгедектігі бар адамдардың қолжетімділігі бойынша – 14, арнаулы әлеуметтік қызметтер бойынша – 9, арнаулы әлеуметтік қызметтердің көрсетілуі мен мүгедектігі бар адамдарды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламаларының орындалуы – 3, мүгедектігі бар адамдарды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламаларының орындалуы-1).
Жоспардан тыс жүргізілген 22 объектіде мүгедектігі бар адамдардың қолжетімділігі, мүгедектігі бар адамдарды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламаларын орындау бойынша заңдылығы тексеріліп, нәтижесінде 22 заңбұзушылық анықталып, оны жою туралы 12 нұсқама берілді.
Анықталған барлығы 144 заңбұзушылықтың 112-ы (78%) жойылған (мүгедектігі бар адамдардың қолжетімділігі бойынша – 39, арнаулы әлеуметтік қызметтер бойынша – 62, мүгедектігі бар адамдарды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламаларын орындау бойынша – 11).
Қалған 32 заңбұзушылықты (22%) жоюға алдағы уақытқа мерзімдер белгіленген.
2025 жылғы 12 айда профилактикалық бақылау жүргізілген субъектілер саны өткен жылғы осы кезеңімен салыстырғанда 45-тен 32-ге азайған.
Заңбұзушылықтар саны 146-дан 122-ге азайған, оларды жою жөнінде берілген нұсқамалар саны 33-тен 27-ге азайған.
2025 жылғы 12 айда жоспардан тыс 22 тексеру жүргізіліп, 3 лауазымды тұлғаға, 1 жауапкершілігі шектеулі серіктестікке, 5 жеке кәсіпкерге және прокуратураның ұсынымымен 28 лауазымды тұлғаға жалпы сомасы 4 698 740 тенгеге 37 айыппұл салынып, оның ішінде 4 226 900 тенге төленген, қалған 471 840 тенге төленбеген. (2024 жылғы 12 айда жоспардан тыс 7 тексеру жүргізіліп, 3 лауазымды тұлғаға, 2 ақционерлік қоғамға және прокуратураның ұсынымымен 40 лауазымды тұлғаға, 7 жауапкершілігі шектеулі серіктестікке, 2 шағын кәсіпкерлік мекемесіне, жалпы сомасы 7 162 480 тенгеге 54 айыппұл салынып, айыппұлдар толығымен бюджетке төленді).
2025 жылдың 12 айында Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімімен ҚР Әлеуметтік кодексінің және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласына енгізілген өзгерістерді түсіндіру бойынша «Қармақшы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтук бағдарламалар бөлімі», «Жалағаш ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі», «Қазалы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы», «№2 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-де 4 дөңгелек стол өткізілді.
Сонымен қатар, ҚР Әлеуметтік кодексінің мүгедектігі бар адамдардың әлеуметтік қорғау және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласына енгізілген өзгерістерді түсіндіру бойынша баспасөз беттерінде 16 мақала, Департаменттің ресми сайтында 20 хабарлама жарияланды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-kyzylorda/press/news/details/1184242?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау