МӘРИЯМ АНАМЫЗДЫҢ ӨНЕГЕСІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

МӘРИЯМ АНАМЫЗДЫҢ ӨНЕГЕСІ

 

2026 жылдың 18 наурыз күні сағат 10.00-де Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің М. Хәкімжанова атындағы №20 жалпы білім беретін мектебі» КММ базасында «Мәриям анамыздың өнегесі» атты тағылымдық-танымдық кеш   өткізілді.

  Тағылымдық-танымдық кешке «Ұлы тұлғалар жолы» облыстық жоба жетекшісі. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Әдістемелік орталығы» КММ басшысының орынбасары Утегенова Гульнара Маратовна, қалалық  білім  бөлімінің  әдіскері   Самбулатова  Гульшат Шукуровна, Қостанай қаласы  мен  Қостанай ауданы  мемлекетттік  тілде  білім беретін  мектептерінің педагоготері қатысты.

       Облыстық жоба жетекшісі, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Әдістемелік орталығы» КММ басшысының орынбасары Утегенова Гульнара Маратовна  «Ұлы тұлғалар жолы» жобасының мәні мен маңыздылығына жан-жақты тоқталды. Жоба  аясында   түрлі іс-шаралар жүзеге асырылып жатқанын жеткізді.

   Бұл  бастаманың білім беру ұйымдары үшін маңызы зор екенін, мұндай жобалар жас ұрпақтың тұлғалық дамуына оң әсер ететінін атап өтіп, алдағы уақытта да осы бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасын табатынын айтты.

    Тағылымдық-танымдық кештің салтанатты бөлімінде мектеп директоры Ещанова Жанаргүл Ануарбековна қатысушыларды құттықтап, аталған шараның тәрбиелік және білімдік мәніне ерекше назар аударды. Сондай-ақ, Мәриям Хәкімжанова атындағы Щербаков жалпы білім беретін мектебінің директоры Ивко Владислав Владимирович сөз сөйлеп, екі оқу орны арасындағы серіктестіктің маңыздылығын атап өтті.

       Шара аясында білім беру ұйымдары арасында ынтымақтастықты дамыту мақсатында өзара меморандумға қол қойылды. Аталған құжат оқу үдерісінің сапасын жақсартуға, озық тәжірибелермен бөлісуге және ортақ жобаларды іске асыруға бағытталған маңызды келісім болып табылады.

      Алдағы кезеңде бұл серіктестік негізінде бірқатар білім беру бастамалары қолға алынып, педагогтер мен оқушылар арасында өзара тәжірибе алмасу мүмкіндіктері арта түседі. Сонымен бірге, бірлескен ғылыми жобалар, зияткерлік сайыстар мен әдістемелік кездесулер өткізу жоспарлануда.

      Бұл қадам екі мектеп арасындағы өзара түсіністік пен әріптестікті нығайтып, білім беру саласында жаңа жетістіктерге жетуге ықпал етеді. Нәтижесінде, білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға және олардың бәсекеге қабілетті тұлға болып қалыптасуына қолайлы жағдай жасалады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bilim/press/news/details/1184241?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version