Көрісу күні: кездесулердің, дәстүрлердің және ізгі тілектердің мерекесі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Көрісу күні — Наурыз мейрамын тойлау аясындағы ең жылы әрі жүрекке жақын күндердің бірі. Бұл мереке көктемнің келуін, ұлттық дәстүрлерге деген құрметті және адамдар арасындағы достық байланыстардың нығаюын білдіреді. Бұл күні адамдар бір-біріне арнайы барып, таныс-жақындарымен, көрші-қолаңмен амандасып, ақжарма тілектерін айтып, көктемнің келу қуанышымен бөліседі. Қалада осы күні жылылыққа, бірлікке және шынайы адамгершілік қарым-қатынасқа толы ерекше атмосфера қалыптасады.

Мереке құрметіне Достық үйінде түрлі бағыттағы шығармашылық ұжымдар мен орындаушылардың басын қосқан мерекелік концерт өтті. Сахна төрінде халық әндері мен заманауи әуендер шырқалып, көрермендерге жарқын би қойылымдары мен музыкалық нөмірлер ұсынылды. Әрбір өнер көрсетілімінен көктемгі көңіл күй мен әртістердің шынайы эмоциясы сезіліп тұрды.

Көрермендер өнерпаздарды ерекше ықыласпен қарсы алып, оларды ыстық ықылас пен зор қошеметке бөледі. Көпшілік үшін бұл кеш көктемнің келуін және Наурыз мерекесінің басталуын білдіретін ерекше сәтке айналды.

Бағдарламаның ерекше көркі — Инклюзивті Ассамблея әртістерінің өнер көрсетуі болды. Олардың вокалдық нөмірлері көрермендердің жүрегінен орын алып, шығармашылықтың ешқандай шекарасы жоқ екенін, оның адамдарды жасына, мүмкіндігіне немесе өмірлік жағдайына қарамастан біріктіре алатынын тағы бір мәрте дәлелдеді.

Мерекелік концерт қонақтарға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, Наурыз мейрамының басты құндылықтарын — өзара құрметті, достық пен бірлікті тағы бір мәрте айшықтай түсті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-sayasat/press/news/details/1182067?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version