Шығыс Қазақстан облысында бұл күн кең көлемде атап өтілуде. Жалпы, өңір бойынша Наурыз мерекесі аясында жүздеген мәдени іс-шара ұйымдастырылып, әр күн белгілі бір тақырыпқа арналды. Соның ішінде Ұлттық киім күні аясында қала мен аудандарда ұлттық киімді насихаттайтын түрлі жобалар қолға алынған.
Өскемен қаласында бүгін бірқатар мазмұнды шара жоспарланған. Атап айтқанда, қаладағы ірі сауда-ойын-сауық орталықтарының бірінде өскемендік дизайнерлердің қатысуымен ұлттық киімдердің сән көрсетілімі өтеді. Сонымен қатар, ұлттық киімдердің көрмесі мен жәрмеңкесі ұйымдастырылып, тұрғындар мен қонақтарға дәстүрлі киім үлгілері ұсынылады .
Мұндай шаралардың басты мақсаты – ұлттық киімді күнделікті өмірдің бір бөлігіне айналдыру, жас ұрпақтың тарихи танымын қалыптастыру және ұлттық бірегейлікті нығайту.
Жалпы, Ұлттық киім күні аясында сән көрсетілімдері, көрмелер, челлендждер мен шығармашылық байқаулар ұйымдастырылып, этно-стильге қызығушылықты арттыруға ерекше көңіл бөлінеді .
Наурызнама онкүндігі 14–23 наурыз аралығында жалғасады. Алдағы күндері өңірде жаңару, ұлттық спорт және мерекелік концерттерге ұласатын ауқымды іс-шаралар легі өтпек.
Ұлттық киім – ұлттың айнасы. Сондықтан бүгінгі күн – тек дәстүрді еске алу емес, оны заманауи өмірмен ұштастырудың нақты көрінісі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-sayasat/press/news/details/1183990?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау