2026 жылдың 16 наурыз күні Талды ауылында Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне арналған «Наурызнама» онкүндігі аясында ұлттық салт-дәстүріміздің бірі – тұсау кесер рәсімі өткізілді.
Іс-шара барысында тәй-тәй басып келе жатқан бүлдіршіндердің тұсауы кесіліп, ақ тілектер айтылды. Бұл – бала өміріндегі алғашқы қадамына ақ жол тілеп, болашағы жарқын болсын деген ниеттен туған игі дәстүр.
Ұлттық құндылықтарды дәріптеп, салт-дәстүрімізді ұрпақ санасына сіңіру мақсатында ұйымдастырылған шара жоғары деңгейде өтті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-panfilov-taldy/press/news/details/1183989?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау