Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев Алматы облысындағы №14 орташа қауіпсіздік мекемесіне барды.
Сапар барысында Омбудсмен сотталғандардың жасақтардағы тұру жағдайларын, шағымдар беруге арналған терминалдардың жұмысын зерттеп, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың қызметімен танысты.
Сапар аясында Уәкіл сотталғандарды жеке қабылдады.
№14 түзету мекемесінің аумағында тігін, жиһаз және дәнекерлеу цехтары, сплитерлік блоктар бөлімі жұмыс істейді. Сотталғандарға оқу корпусында білім алу мүмкіндігі берілген.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman/press/news/details/1183844?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау