Qostanai Hub Наурыз мейрамы қарсаңында қала тұрғындары үшін ерекше форматтағы акция ұйымдастырды. Ұйым өкілдері қала көшелерінде шағын тосынсый жасап, адамдарға дрон арқылы шоколадтар тарту етті.
Акция барысында көшеде жүрген тұрғындарға дрон арқылы тәтті сыйлықтар ұсынылып, мерекелік көңіл күй сыйланды. Көпшілік бұл тосынсыйды қуана қабылдап, жылы эмоцияларымен бөлісті.
Іс-шараның тағы бір ерекшелігі — акцияға қатысқан адамдар Наурыз мерекесіне байланысты өздерінің жылы тілектерін айтып, бір-біріне игі лебіздерін жеткізді. Қала тұрғындары жаңару мен жақсылықты бейнелейтін бұл мерекенің мәні туралы ойларымен бөлісіп, бейнежазбаға түсті.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, акцияның басты мақсаты — Наурыз қарсаңында адамдарға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, мерекенің рухын сезіндіру.
Жоба нәтижесінде түсірілген бейнежазбада қала тұрғындарының шынайы эмоциялары, қуанышы және бір-біріне айтқан жылы тілектері көрініс тапқан.
Наурыз — жаңару, жақсылық пен бірліктің мерекесі. Осыған орай ұйымдастырылған акция да мерекелік атмосфераны қалыптастырып, қала тұрғындарына жағымды әсер қалдырды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/digital-nauryz/press/news/details/1181851?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау