САРЫАҒАШ: КЕЗЕКТЕН ТЫС СЕССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

 

 

Сарыағаш ауданында аудандық мәслихаттың сегізінші шақырылымдағы кезектен тыс сессиясы өтті. Сессия жұмысына аудан әкімі Арман Абдуллаев қатысып, жиынды мәслихат төрағасы Рысбек Асылбекұлы жүргізді.

 

 

Сессияның күн тәртібіне аудандық мәслихаттың «2026–2028 жылдарға арналған қала және ауылдық округтердің бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу мәселесі енгізілді. Аталған мәселе бойынша ауданның экономика және қаржы бөлімінің басшысы Азамат Мұратов баяндама жасап, қала және ауылдық округ әкімдері тарапынан да тиісті ақпараттар ұсынылды.

 

Келесі мәселе  ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен салаларының мамандарына, сондай-ақ ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне 2026 жылға көтерме жәрдемақы беру және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін бюджеттік кредит ұсыну болды. Бұл мәселе бойынша да ауданның экономика және қаржы бөлімінің басшысы Азамат Мұратов баяндама жасады.

 

Күн тәртібіне енгізілген мәселелер жан-жақты талқыланып, депутаттар мен сала мамандарының ұсыныс-пікірлері тыңдалды. Ұсынылған жобалар қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес қаралып, тиісті қорытындылар жасалды. Мәслихат депутаттары қаралған мәселелерді бір ауыздан қолдап, тиісті шешімдер қабылдады.

 

Сессия соңында аудан әкімі Арман Абдуллаев қабылданған шешімдер үшін халық қалаулыларына алғыс білдіріп, барша қатысушыларды келе жатқан «Ұлыстың ұлы күні – Наурыз» мерекесімен құттықтады. Сонымен қатар депутаттар тарапынан қойылған бірқатар сұрақтарға егжей-тегжейлі жауап берілді.

 

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/1184469?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version