Еңбекші ауылдық округінің әкімшілік ғимаратында ауыл тұрғындарымен құқықтық тәртіпті нығайту, құқық қорғау және құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында іс-шара өткізілді.
Іс-шара барысында тұрғындарға заң талаптарын сақтау, қоғамдық тәртіпті бұзбау, тұрмыстық құқықбұзушылықтардың алдын алу және алаяқтық әрекеттерден сақтану жолдары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, азаматтардың құқықтары мен міндеттері кеңінен түсіндіріліп, заң аясында туындайтын сұрақтарға нақты жауаптар берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-koksu-enbekshi/press/news/details/1184468?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау