2026 жылғы 17 наурызда Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде мемлекеттік қызметшілердің деструктивті діни ағымдардың қызметіне тартылуына жол бермеу тақырыбына арналған семинар өтті.
Семинарды Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары – Әдеп жөніндегі уәкіл Койшинов Казыбек Кадесович ШҚО Дін істері басқармасы ММ «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ талдау және ақпараттық-түсіндіру бөлімінің маманы Жомартканов Жасұлан Мұратұлымен бірлесіп жүргізді.
Өз сөзінде лектор Жомартканов Ж.М. бүгінгі күні әлемде және әсіресе Қазақстан Республикасында әрекет ететін деструктивті діни ағымдар туралы кеңінен баяндап, олардың діни көшбасшыларын атап өтті.
Сонымен қатар деструктивті діни ағымдардың пайда болу тарихы, олардың шығу себептері, жұмыс әдістері, ел тұрғындарының қай топтары мұндай заңсыз деструктивті діни ағымдарға оңай тартылуы мүмкін екендігі туралы айтылды.
Кездесу соңында Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары – әдеп жөніндегі уәкіл Казыбек Қадесович қызметтік әдеп нормаларын үнемі сақтаудың, мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы бұзудың алдын алудың, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың және Әдеп кодексін сақтаудың маңыздылығын атап өтті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1184387?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау