Жемқорлыққа қарсы күрес – ортақ міндет

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазіргі таңда қоғам дамуының басты талаптарының бірі – ашықтық, әділдік және заң үстемдігін қамтамасыз ету. Осы тұрғыда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып қала береді. Жемқорлық – ел дамуына тұсау болып, халықтың мемлекетке деген сеніміне селкеу түсіретін қауіпті құбылыс. Сондықтан оған қарсы күрес тек құқық қорғау органдарының ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті.

Мемлекет басшысы әділетті қоғам құру жолында сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру қажеттігін бірнеше мәрте атап өтті. Бұл – мемлекеттік қызметтің басты ұстанымдарының бірі. Мемлекеттік қызметші ең алдымен халыққа адал қызмет етуді, заң талаптарын қатаң сақтауды және қоғам мүддесін жеке бастың пайдасынан жоғары қоюды басты қағида ретінде ұстануы тиіс.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың ең тиімді жолы – ашықтық пен есептілікті күшейту, мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін барынша цифрландыру, қоғаммен кері байланысты нығайту. Бүгінде мемлекеттік қызметтердің басым бөлігі электронды форматта ұсынылып, азаматтардың мемлекеттік органдармен тікелей байланысын азайту арқылы түрлі заңсыз әрекеттердің алдын алуға мүмкіндік жасалуда.

Сонымен қатар қоғамда адалдық, парасаттылық және әділдік құндылықтарын нығайту ерекше маңызға ие. Әсіресе жас ұрпақтың бойында жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру – келешек үшін маңызды қадам. Бұл бағытта білім беру ұйымдары, қоғамдық институттар мен бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі зор.

Азаматтық қоғам институттары мен тұрғындардың белсенділігі де сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда маңызды фактор саналады. Әрбір азамат заң талаптарын сақтап қана қоймай, қоғамдағы әділдік пен адалдық қағидаларын нығайтуға өз үлесін қосуы қажет.

Біздің басты мақсатымыз – заң үстемдігі орныққан, мемлекеттік қызметі ашық әрі тиімді, азаматтардың құқықтары мен мүдделері толық қорғалатын әділетті қоғам қалыптастыру. Бұл жолда адал еңбек пен жоғары жауапкершілік қана оң нәтижеге жеткізеді.

Еркін Келесов,
Жамбыл облысы әкімдігі жұмысмен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-social/press/news/details/1184386?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version