Талдамалық анықтама “Таврия ауылдық округі әкімінің аппараты” ММ Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша 2025 жылға

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Таврия ауылдық округі әкімінің аппараты ММ (бұдан әрі Аппарат) Таврия ауылдық округінің аумағында жер қатынастары саласындағы жергілікті мемлекеттік басқару функцияларын жүзеге асыруға Ұлан аудандық әкімдігі уәкілеттік берген Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады. Аппарат құзыреті шеңберінде мынадай мемлекеттік қызметтерді көрсетеді: 1) жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру; 2) кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру; 3)Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу; 4) жер учаскесін жеке меншікке біржолғы не бөліп-бөліп сату. 5) жер учаскесін алуға кезекке қою; Жоғарыда аталған барлық мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі. 2025 жылы аппаратпен 8жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру мемлекеттік қызметі көрсетілді: көрсетілетін қызметті алушылар5 жеке тұлға, 1 заңды тұлға; 2025 жылы аппаратпен 19 “Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу Мемлекеттік көрсетілетін қызметі және 4жер учаскесін жеке меншікке біржолғы не бөліп-бөліп сату мемлекеттік көрсетілетін қызметі көрсетілді: көрсетілетін қызметті алушылар; 17 жеке тұлғалар, 4 заңды тұлға; “Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 48бабына сәйкес сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу, құқықты беру саудасаттықта (конкурстарда, аукциондарда) жүзеге асырылады. Көптеген проблемалық мәселелер бойынша аппарат Ұлан ауданының жер қатынастары бөліміне жүгінеді, сұрау салулардың нәтижелері уәкілетті органдардың назарына жеткізіледі. 2025 жылы көрсетілетін қызметтердің сапасына көрсетілетін қызметті алушылардан шағымдар түскен жоқ. Көрсетілетін қызметті алушылар үшін мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі қағидалар аппарат стендінде орналастырылған. Сондай-ақ, қызметкерлер округ тұрғындарымен мемлекеттік қызмет көрсету бойынша тұрақты негізде түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-ulan-tavriya/press/news/details/1184226?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version