2026 жылдың 18 наурызында сегізінші шақырылған Күршім аудандық мәслихатының кезекті елу бірінші сессиясы өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылдың 18 наурызында сегізінші шақырылған Күршім аудандық мәслихатының кезекті елу бірінші сессиясы өтті.

       Аудандық мәслихаттың кезекті елу бірінші сессиясына мәслихаттың 6 депутатынан  5  депутат қатысты.Кезекті сессияға  Күршім ауданы әкімінің міндетін уақытша атқарушы Роллан Нұрланұлы, аудан әкімінің орынбасарлары, ауылдық округ әкімдері, аудандағы мекеме, бөлім басшылары, қоғамдық ұйым, ақпарат құралдарының өкілдері және ЗУМ арқылы Шығыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Ерлан Русланұлы Адилов қатысты.

Сессияда келесі мәселелер қаралды:

1.2025 жылғы аудандық бюджеттің атқарылуы туралы баяндама

Әсем Серікқызы – аудандық экономика және  қаржы бөлімі басшысының орынбасары

2.2025 жылғы аудандық бюджеттің атқарылуын бақылау нәтижелері туралы баяндама

Ерлан Русланұлы Адилов – Шығыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі

3.2026 жылғы көктемгі су тасқынына қарсы жүргізіліп жатқан жұмыстар және осы жұмыстарды ұйымдастыру туралы

 Дәурен Талғатұлы Рахымғазы – аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы

4.2025-2026 жылдарғы елді мекендерді абаттандыру, көгалдандыру, сумен, көше шамдарымен қамтамасыз ету, елді мекен ішіндегі жолдарды жөндеу, транспорттық инфрақұрылымды дамыту жұмыстары жөніндегі есебі

Толкын Даулетхановна Искакова- аудандық сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы

5.Күршім ауданы әкімдігінің дербес құрамына келісім беру туралы

Сәндібек  Сейітбекұлы Дүзбаев – аудан әкімі аппаратының басшысы

6.«Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы» Күршім аудандық мәслихатының 2025 жылғы 18 желтоқсандағы №48/9-VIII шешіміне өзгеріс енгізу туралы

 Әсем Серікқызы – аудандық экономика және  қаржы бөлімі басшысының орынбасары

 7.«Аудандық және учаскелік сайлау комиссияларын сайлау туралы» Күршім   аудандық   мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы №14/21-VІІІ шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Асан Казезбекович Абилмажинов – аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы

Қаралған мәселе бойынша тиісті шешім қабылданды.

Онлайн трансляцияға сілтеме: https://youtu.be/MrcKoZ-kJik?si=zsI6KNCgoimS5s4m

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kurchum-maslihat/press/news/details/1184227?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version