2026 жылғы 18 наурызда Курчатов қалалық мәслихатының төрайымы Г.М. Хусайнованың, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы Т.В. Левченконың қатысуымен қалалық мәслихаттың әлеуметтік даму, экология және қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы болып өтті. Отырыста жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы Т.В. Левченконың «Мүгедек балаларға және денсаулық жағдайына байланысты білім беру ұйымдарынан тыс жерде оқитын балаларға көмек көрсету тәртібі туралы» ақпараты тыңдалды.
Ақпаратты тыңдап, талқылағаннан кейін тұрақты комиссия Курчатов қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы А.Ю. Глазинскийге мүгедектігі бар балалардың оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес барлық оңалту бағдарламаларының орындалуы, соның ішінде санаторлық-курорттық емделуі қамтамасыз бойынша және тағы басқа да бірқатар ұсынымдар берілді.
Курчатов қалалық мәслихаты
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kurchatovmaslihat/press/news/details/1184302?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау