Жыланды ауылында №77 референдум учаскесінде дауыс беру өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жыланды ауылдық округіне қарасты Жыланды ауылындағы №77 референдум учаскесінде референдум жоғары деңгейде ұйымдастырылып, тұрғындар өз азаматтық белсенділіктерін танытты. Ауыл тұрғындары дауыс беру учаскесіне келіп, өз таңдауларын жасап, ел болашағына бейжай қарамайтындықтарын көрсетті.

Референдум учаскесінде барлық қажетті жағдайлар жасалып, дауыс беру Қазақстан Республикасының заң талаптарына сәйкес өтті. Учаскелік комиссия мүшелері өз міндеттерін жауапкершілікпен атқарып, дауыс беру процесінің ашық әрі әділ өтуін қамтамасыз етті.

Ауыл тұрғындары қоғамдық-саяси маңызы бар бұл шараға белсенді қатысып, азаматтық жауапкершіліктің үлгісін көрсетті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-zhylandy/press/news/details/1181891?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version