Алматылықтар алғаш рет ұлттық киіммен жаппай мұз айдынында сырғанады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Алматыда Ұлттық киім күніне орай ерекше әрі әсерлі іс-шара өтті. Тұрғындар мұз айдынында ұлттық киім киіп шығып, жаппай сырғанады.

Мерекелік іс-шара қаладағы бірден үш мұз айдынында — «Алматы Арена», «Халық Арена» және «Олимпик» кешендерінде қатар өтіп, мегаполис тұрғындары мен қонақтарының үлкен қызығушылығын тудырды.

Сағат 16:00-ден 20:00-ге дейін келушілер үшін тегін сырғанау мүмкіндігі ұсынылды. Қатысушылар ұлттық киіммен келіп, мұз үстінде ерекше рух қалыптастырды — жарқын, әсерлі және ұлттық нақышқа толы көрініс орнады.

Қонақтарға тегін тағам ұсынылды, бұл кештің жылылығын арттыра түсті.

Қала тұрғындары іс-шараға отбасымен, достарымен және балаларымен келіп, демалып, естелік суретке түсіп, әсерін бөлісті. Көпшілік бұл форматтың тың әрі шабыт сыйлағанын атап өтті.

Бұл бастама спортты дәріптеп қана қоймай, адамдарды біріктіріп, салауатты өмір салтын насихаттаудың және ұлттық құндылықтарды ұлықтаудың жарқын үлгісіне айналды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/1185035?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version