Ақпараттық түсіндірме жұмыстары

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2025ж 9 маусымдағы №292/НҚ), ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2025ж 11 маусымдағы 56 бірлескен бұйрығымен «Сырттай проактивті форматта жекеленген нозологиялық нысандар бойынша «Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік қызметін көрсетудің ерекше тетігін енгізу бойынша пилоттық жоба өңірде 2025ж шілде айынан бастап іске қосылды. Бұл мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктері:

-Медициналық-әлеуметтік сараптамаға қорытынды (бұдан әрі – № 031/е нысаны) пациенттің тіркелген жері бойынша медициналық ұйымның емдеуші дәрігері немесе диспансердің емдеуші дәрігері жарақаттардың және кемістіктердің салдарынан, аурулар әсерінен тыныс-тіршілігінің шектелуіне әкелетін организм функцияларының тұрақты бұзылулары болған кезде МАЖ-да деректерді тексеріп, № 031/е нысанын қалыптастырады.

-пилоттық жоба жүргізілетін жекелеген нозологиялық нысандар тізбесіне кіретін жағдайлар бойынша № 031/е нысанын қалыптастырған кезде, деректер сәйкес міндетті зерттеп-қарау және объективті деректер тізбесіне сәйкес міндетті түрде көрсетіледі.

-Жекелеген нозологиялық нысандарына сәйкес № 031/е нысанында міндетті зерттеп-қарау және/немесе объективті деректер болмаған кезде МАЖ-да қате көрсетіліп, ДКК төрағасының ЭЦҚ-мен бекітілуі мүмкіндігі алынып тасталады.

-№ 031/е нысаны медициналық ұйымның ДКК төрағасының ЭЦҚ-сымен бекітілгеннен кейін автоматтандырылған режимде МАЖ-дан ҚР ДСМ АЖ-ға, одан әрі «электрондық үкімет» шлюзі арқылы МОБД ААЖ-ға жіберіледі.

 Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу тәртібі ерекшелігіне:

-«МОДБ» ААЖ-да МӘС актісінің электронды жобасының (бұдан әрі – МӘС актісінің жобасы) қалыптастырылуы МӘС қағидаларына сәйкес жүргізіледі.

-МӘС актісінің жобасы сырттай проактивті куәландыруға қатысатын сарапшылар тізіліміндегі бір эксаумақтық сарапшы-МӘС бөлімінің басшысына (бұдан әрі – МӘС сарапшысы) күту парағынан автоматтандырылған режимде таратылады.

-МӘС қағидаларына сәйкес МӘС жүргізіледі.

-МӘС сарапшысы келіп түскен құжаттарды МӘС актісінің жобасының нөмірі түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде қарайды және сараптама қорытындысын шығарады.

-МӘС актісі жобасы сағат 16.00-ден кейін келіп түскен жағдайда, сараптамалық қорытынды шығару мерзімі келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

-Сараптамалық қорытынды МӘС сарапшының ЭЦҚ-сымен қол қойылғаннан кейін, «МОДБ» ААЖ-дағы «Тіркелген МӘС актілерінің тізілімі» модуліне түседі.

 

 

Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы

реттеу және бақылау комитетінің

Қызылорда облысы деапртаменті

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-kyzylorda/press/news/details/1185215?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version