«Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Теректі ауданының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Теректі ауданының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды

 

Лауазымның атауы:

  1. Әдістемелік кабинетінің меңгерушісі – 1 бірлік;

 

 

Құжаттарды қабылдаудың басталу күні:  20.03.2026 ж.

Құжаттардың қабылдаудың аяқталу күні: 02.04.2026 ж.

Еңбекке ақы төлеу мөлшері мен шарттары: 236520 теңгеден бастап

 

 

  1. Әдістемелік кабинетінің меңгерушісінің лауазымының үлгілік біліктілік сипаттамалары
  1. Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес кабинет (орталық) қызметінің барлық бағыттарына жалпы басшылықты жүзеге асырады;
  1. штаттық кестені анықтайды және бекітеді;
  2. даму стратегиясын, мақсаты мен міндеттерін айқындайды, кабинеттің (орталықтың) даму бағдарламаларын әзірлеуді, бекітуді және орындауды, ішкі еңбек тәртібінің қағидаларын ұйымдастырады;
  3.  бюджет қаражатын ұтымды пайдалануды қамтамасыз етеді;
  4.  кабинеттің (орталықтың) мүлкі мен қаражатына заңнамада белгіленген тәртіппен иелік етеді, қаржы қаражатының түсімдері мен жұмсалуы туралы жыл сайынғы есепті ұсынады;
  5. оқу-материалдық базаның есебін, сақталуын және толықтырылуын қамтамасыз етеді;
  6. республикада және шетелде қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимылды ұйымдастырады;
  7. кадрларды іріктеуді және орналастыруды жүзеге асырады;
  8. қызметкерлердің лауазымдық міндеттерін анықтайды, олардың кәсіби шеберлігін арттыру үшін жағдай жасайды;
  9.  қызметкерлердің шығармашылық бастамасын көтермелейді және ынталандырады;
  10.  компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгерген;
  11.  кабинеттің (орталықтың) оқу-әдістемелік (ғылыми-әдістемелік, сараптамалық кеңестердің), педагогтердің әдістемелік бірлестіктерінің, пән педагогтері қауымдастықтарының жұмысына басшылық етеді;
  12.  педагогикалық шеберлікті арттыруға бағытталған іс-шараларды ұйымдастырады және өткізеді;
  13.  педагогтер мен білім беру ұйымдарының оқу және әдістемелік жұмысының озық тәжірибесін жинақтайды және насихаттайды. Есепке алуды жүргізеді және атқарылған жұмыс;
  14.  өткізілетін іс-шаралардың сапасын бақылайды;
  15.   әдіскерлер мен мамандар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, академиялық адалдық қағидаларын бойына сіңіреді;
  16.  есептерді дайындау мен ұсынуды қамтамасыз етеді.

 

  1. Біліктілікке қойылатын талаптар:

 

    аудандар/қалалар деңгейінде:

   тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.

 

  1. Кәсіби құзыреттілікті айқындай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:

     

 аудандар/қалалар деңгейінде:

      тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе өзге де кәсіптік білім немесе қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл;

      “педагог-сарапшы” немесе “педагог-зерттеуші” немесе “педагог-шебер” немесе “үшінші біліктілік санатты басшысының орынбасары” немесе “екінші біліктілік санатты басшысының орынбасары” немесе “білім беру ұйымының” не “басшы-ұйымдастырушы” немесе “басшы-менеджер” немесе “басшы-көшбасшы” бірінші біліктілік санатты басшысының орынбасары” біліктілік санатының болуы.

 

  1. Қажетті құжаттар тізімі:

 

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды хабарландыру жарияланған соңғы күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды қағаз  түрінде жолдайды:

  • осы Қағидалардың 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
  • жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
  • кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
  • педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
  • еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
  • “Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
  • психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
  • наркологиялық ұйымнан анықтама;
  • сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
  • ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша сертификаттау нәтижелері туралы сертификаты немесе педагог-модератордың немесе педагог-сарапшының немесе педагог-зерттеушінің немесе педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса) немесе CELTA (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) PASS A; DELTA (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе айелтс IELTS ( IELTS) – 6,5 балл; немесе тойфл TOEFL (іnternet Based Test (іBT)) сертификаты – 60-65 балл;
  • 12,13-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.

12) Жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат.

 

         Құжаттарды тапсыру үшін мекен – жайы:

         БҚО, Теректі ауданы, Теректі ауылы, Тәуелсіздік көшесі 135

         Әңгімелесуді өткізу орны: «Теректі ауданының білім беру бөлімі» ММ

         Аңықтама үшін байланыс: 8 (71132) 23-0-54, 21-4-67

         Электрондық пошта – terektiroo@mail.ru, altynai_s84@mail.ru

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bilim-terekti/press/news/details/1184803?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version