Кездесу барысында жол қозғалысы ережелерін сақтау, қызметкерлердің отбасылық-тұрмыстық жағдайларының жай-күйі, сондай-ақ өртті сөндіру және шаруашылық жұмыстарын жүргізу кезіндегі қауіпсіздік техникасының талаптары мәселелері қаралды.
Өкілдер жол-көлік оқиғаларының алдын алуға, жарақаттануды азайтуға және жеке құрам арасында тәртіпті нығайтуға бағытталған түсініктемелер мен ұсынымдар берді.
Мұндай іс-шаралар қызметте де, күнделікті өмірде де қызметкерлердің қауіпсіздігі мен жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/trud-astana/press/news/details/1185524?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау