2026 жылғы 1 сәуірден бастап Жезқазған теміржол вокзалынан Маңғыстау облысына дейін тікелей жүрдек жолаушылар пойызы іске қосылады.
Жаңа бағыт туризмді дамытуға, сондай-ақ өңіраралық іскерлік және еңбек байланыстарын нығайтуға мүмкіндік береді. Осы мақсатта Қарағанды – Жезқазған бағыты бойынша қатынайтын жолаушылар пойызының маршруты Маңғыстау станциясына дейін ұзартылды.
Енді жолаушылар Жезқазған қаласынан Маңғыстау өңіріне тікелей қатынай алады.
Жол жүру уақыты шамамен 29 сағатты құрайды. Жиілігі – аптасына 2 рет.
Пойыз билеттері сатылымға шығарылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau/press/news/details/1185525?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау