Президенттің бастамасымен жүзеге асырылып жатқан “Таза Қазақстан” республикалық экологиялық бағдарламасы аясында 15 наурызда “Жітіқара ауданының жастар ресурстық орталығы” КММ “Қарлы десант” акциясын өткізді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Президенттің бастамасымен жүзеге асырылып жатқан “Таза Қазақстан” республикалық экологиялық бағдарламасы аясында 15 наурызда “Жітіқара ауданының жастар ресурстық орталығы” КММ “Қарлы десант” акциясын өткізді.

Іс-шара Наурыз мейрамының “Қайырымдылық күні” (Наурызнама онкүндігінің бір күні) мерекесіне ұштастырылды.
Іс-шараның басты мақсаты жалғызбасты және қарт адамдарға көмек көрсету. Акция барысында қатысушылар жалғызбасты зейнеткерге қолдау көрсетті: ауланы қардан тазартты және үйге баратын жолды тазалап, қауіпсіз әрі ыңғайлы өтетін жолды қамтамасыз етті.

Мұндай игі істер адамдарды өзара көмек, аға ұрпаққа құрмет және жақындарға қамқорлық құндылықтары төңірегінде біріктіретін Наурыз мерекесі күндерінде ерекше мәнге ие.

Мұндай бастамалар мұқтаж жандарға нақты көмек көрсетіп қана қоймай, қоғамдағы бірлікті, жауапкершілікті және тату көршілікті нығайтуға себептеседі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-zhitikarin-yrsai/press/news/details/1185145?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version