Оқушы зефирден әсем қызғалдақтар шоғын жасады
А. Баймульдин атындағы орта мектебі оқушысы Байшүкір Айдана ерекше шығармашылық жұмысымен көпшілікті таңғалдырды. Ол тәтті зефирден көктемнің символына айналған әсем қызғалдақтар шоғын жасап шықты.
Айдананың қолынан шыққан бұл ерекше композиция сырттай нағыз гүл шоғындай көрінеді. Әсем безендірілген тәтті қызғалдақтар көрген жанға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, көктемнің нәзік шуағын сездіреді.
Бұл жұмыс оқушының шығармашылық қабілетін, ұқыптылығы мен еңбекқорлығын айқын көрсетеді. Осындай тың идеялар мен қызықты жұмыстар жас ұрпақты өнерге, ізденіске және жаңа бастамаларға шабыттандыратыны сөзсіз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqquly-bilim/press/news/details/1184701?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау