18 наурыз күні С.Торайғыров атындағы ЖОББМ-да «Ұлттық киім – ұлт мақтанышы» атты челлендж өтті. Бұл күні мектеп оқушылары мен ұстаздары ұлттық киім киіп, халқымыздың бай мәдениеті мен салт-дәстүрін насихаттады.
Сонымен қатар, мектептің «Даналық мектебі» клубының мүшесі Каиркенова Жансауле Муратовна оқушыларға ұлттық киім мен әшекей бұйымдар жасаудан шеберлік сағатын өткізді.
Каиркенова Жансауле Муратовна – түрлі мектепішілік, қалалық іс-шараларға белсене қатысып, мектеп өміріне үлес қосып жүрген белсенді ана.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-bilim/press/news/details/1184699?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау