ҰРПАҚҚА ҮЛГІ – АЛТЫН ШАҢЫРАҚ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жалпыұлттық Наурызнама онкүндігі аясында 17 наурыз – Шаңырақ күні Хромтау ауданында тағылымды мазмұндағы іс-шаралармен жалғасын тапты.

Айтулы күнге орай Хромтау ауданының әкімі Нұрхан Тлеумұратов аудандық ардагерлер және қоғамдық кеңес төрағаларымен бірге жарты ғасырдан астам уақыт тату-тәтті өмір сүріп, ұрпақтарына өнегелі тәрбие беріп келе жатқан ардақты отбасылардың үйіне арнайы құттықтап барды.

Мерекелік шара барысында Сейлов Серікбай мен Тұрлыбаева Райхан, сондай-ақ Наурзалин Аманжол мен Наурзалина Жанылай сынды алтын той иелеріне құрмет көрсетілді. Жарты ғасыр бойы бір шаңырақ астында береке-бірлікті ту еткен бұл отбасылар бүгінде немере-шөбере сүйіп, әулет ұйытқысына айналып отыр.

Сонымен қатар ауданда дүние есігін ашқан сәбидің анасы Қазақбаева Нұрсәуле Илясқызына арнайы барып, құрмет көрсетіліп, сый-сияпат табысталды.

Кездесу барысында аудан басшысы ардагер отбасылармен еркін сұхбат құрып, отбасы құндылықтарының маңызы, ұрпақ сабақтастығы мен сыйластықтың қадірі жөнінде пікір алмасты. Өз кезегінде Аманжол ақсақал ұзақ жылдық отбасылық өмірдің негізі – өзара түсіністік пен құрметте екенін атап өтті.

Шара соңында алтын той иелері көрсетілген құрметке ризашылықтарын білдіріп, ақжарма тілектерін жеткізіп, ақ баталарын берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-hromtau/press/news/details/1184678?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version