Хромтау қаласында өткен волейболдан әйелдер командалары арасындағы «Жоғары лига» Қазақстан Республикасы біріншілігінің 4-туры қорытындыланды. Тур аясында 5 ойын өткізіліп, олардың барлығында «Алия» командасы қарсыластарынан басым түсіп, жеңіске жетті.
Соңғы ойында «Алия» мен «Астана СДД» командалары кездесіп, тартысты матч нәтижесінде жеңіс хромтаулық командаға бұйырды.
Тур қорытындысы бойынша «Үздік ойыншы» номинациясының «байланыстырушы» аталымында Сапарғалиева Диана үздік деп танылып, арнайы марапатқа ие болды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-hromtau/press/news/details/1184679?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау