Наурызнама онкүндігінің жоспарына сәйкес, 20 наурыз – Ұлттық спорт күніне орай Маржанбұлақ орта мектебінде және №2 Маржанбұлақ орта мектебінде ұлттық ойындарды дәріптеуге арналған ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылды.
Мереке қарсаңында білім алушылар ұлттық құндылықтарды ұлықтап, ерекше белсенділік танытты. Ұлттық спорт түрлері фестивалі аясында оқушылар қол күрес, арқан тарту, ләңгі тебу, асық ату сынды дәстүрлі ойындарда өз бақтарын сынап, күштері мен ептіліктерін көрсетті.
Жарыс барысында қатысушылар тек бақ сынасып қана қоймай, ұйымшылдық пен достықтың үлгісін танытты. Осындай тартысты әрі қызықты сайыстар арқылы оқушылар ұлттық дәстүрлерді жаңғыртып, салауатты өмір салтын насихаттады. Әр ойын өзіне тән ерекшелігімен әсерлі өтіп, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Жеңімпаздар мен белсенді қатысушылар арнайы марапатталып, мерекелік сыйлықтарға ие болды.
Аталған іс-шараның басты мақсаты – өскелең ұрпақтың бойында ұлттық рухты қалыптастыру, салауаттылыққа баулу, шапшаңдық пен ептілікті дамыту, сондай-ақ ата-бабамыздан мұра болып қалған ұлттық спорт түрлерін кеңінен насихаттау.
Ұлттық спорт күні құтты болсын! Ұлттық рухымыз әрдайым биік болсын!
https://www.instagram.com/reel/DWGFCaPDEGN/?igsh=cHBlaGFtd3AyMXJl
https://www.instagram.com/reel/DWGfg_dgici/?igsh=MWtla2luZWN0Y29xaw%3D%3D
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-alga-marzhanbulaq/press/news/details/1186442?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау