Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығында «Робототехника» үйірмесінің көрмесі өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Ғабды-Сабыр Мұхамедди және ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Барлыбаев Сапар Ибрагимұлы қатысып, жас өнертапқыштардың жұмыстарымен танысты.
Қазіргі білім беру жүйесі балалардың инженерлік ойлауын, цифрлық сауаттылығын және көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын дамытуды талап етеді. Наурыз мерекесі аясында өткен бұл көрме жаңару мен дамудың, білім мен технология арқылы алға ұмтылудың жарқын көрінісі болды .
Мұндай шаралар ұлттық құндылықтар мен заманауи STEM бағыттарын ұштастырып, жас ұрпаққа үлкен шабыт береді.
Үйірме жетекшісі — қосымша білім беру педагогі Деревянченко Ирина Владимировна. Ол 3 жылдан бері балаларға бағыт-бағдар беріп, олардың қабілеттерін дамытуға үлес қосып келеді

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/digital-nauryz/press/news/details/1186443?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version