2026 жылғы 27 наурызда Қостанай облыстық мәслихатының кезектен тыс сессиясын шақыру туралы хабарлама
2026 жылғы 27 наурызда сағат 11.00-де Қостанай қ., Тәуелсіздік к-сі, 85, 4-қабат мекенжайы бойынша (бұрынғы облыстық филармония ғимараты) Қостанай облыстық мәслихаты сегізінші шақырылымының кезектен тыс сессиясы өтеді.
Отырысты Қостанай облыстық мәслихатының төрағасы С.Е. Ещанов ашып жүргізеді:
Отырыстың күн тәртібі:
- Мәслихаттың 2023 жылғы 7 маусымдағы № 28 «Қостанай облысы елді мекендерінің жасыл екпелерін жасау, күтіп-баптау және қорғаудың қағидаларын бекiту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Мәслихаттың 2017 жылғы 15 наурыздағы № 130 «Қостанай облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Мәслихаттың 2023 жылғы 1 қыркүйектегі № 54 «Қостанай облысы әкімдігінің жанындағы мүгедектігі бар адамдарды оңалту және қоғамға кіріктіру мәселелері жөніндегі кеңестің дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Мәслихаттың 2023 жылғы 11 тамыздағы № 43 «Қостанай облысы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Қатысу үшін өтінім мына телефон бойынша: 8(7142) 542430, 542080.
e-mail: 575601@mail.kz.
Онлайн-көрсетілімге сілтеме:
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-oblys-apparaty/press/news/details/1185706?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау