2026 жылғы 27 наурызда Қостанай облыстық мәслихатының кезектен тыс сессиясын шақыру туралы хабарлама

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026  жылғы 27 наурызда Қостанай облыстық мәслихатының кезектен тыс  сессиясын  шақыру  туралы  хабарлама

 

 

2026  жылғы 27 наурызда  сағат 11.00-де Қостанай қ., Тәуелсіздік к-сі, 85, 4-қабат мекенжайы бойынша (бұрынғы облыстық филармония ғимараты) Қостанай  облыстық мәслихаты сегізінші шақырылымының кезектен тыс сессиясы өтеді.

 Отырысты Қостанай облыстық мәслихатының төрағасы С.Е. Ещанов ашып жүргізеді:

 

Отырыстың күн тәртібі:

 

  1. Мәслихаттың 2023 жылғы 7 маусымдағы № 28 «Қостанай облысы елді мекендерінің жасыл екпелерін жасау, күтіп-баптау және қорғаудың қағидаларын бекiту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  2. Мәслихаттың 2017 жылғы 15 наурыздағы № 130 «Қостанай облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  3. Мәслихаттың 2023 жылғы 1 қыркүйектегі № 54 «Қостанай облысы әкімдігінің жанындағы мүгедектігі бар адамдарды оңалту және қоғамға кіріктіру мәселелері жөніндегі кеңестің дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  4. Мәслихаттың 2023 жылғы 11 тамыздағы № 43 «Қостанай облысы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

 

 

 

Қатысу үшін өтінім мына телефон бойынша: 8(7142) 542430,  542080.    

e-mail: 575601@mail.kz.

Онлайн-көрсетілімге сілтеме:

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-oblys-apparaty/press/news/details/1185706?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді