Мемлекет басшысы Алматы қаласының «Мектеп оқушылары сарайының» директоры Айгүл Байсымақоваға мемлекеттік награда тапсырды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Мемлекет басшысы Алматы қаласының «Мектеп оқушылары сарайының» директоры Айгүл Байсымақоваға мемлекеттік награда тапсырды

Алматы қаласы Білім басқармасының «Мектеп оқушылары сарайы» ШЖҚ КМК директоры Байсымақова Айгүл Болатбекқызы «Құрмет» орденімен марапатталды!

Бүгін, 2026 жылғы 19 наурызда Алматыда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да ғылыми қоғамдастық өкілдерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында Мемлекет басшысы жаңа Конституцияға сәйкес Қазақстан Республикасы білім беруді, ғылымды және инновацияларды дамытуды мемлекет қызметінің стратегиялық бағыты ретінде танитынын атап өтті.

«Біздің жастарымыздың ғылымға, инновациялық кәсіпкерлікке және озық цифрлық дағдыларды игеруге жоғары қызығушылық танытып жатқаны қуантады. Ал мемлекеттің міндеті – жас азаматтардың сапалы білім алуына, заманауи ғылыми базаға қол жеткізуіне, жаһандық академиялық байланыстарға түсуіне жағдай жасау», – деді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы отандық ғалымдардың жаңа Конституцияның мәнін жұртшылыққа түсіндіруге елеулі үлес қосқанын, ғылымның патриотизмді нығайтудың маңызды құралы екенін іс жүзінде көрсеткенін атап өтті.

Одан кейін Президент бірқатар азаматтарға елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан зор үлесі үшін мемлекеттік наградаларды табыс етті. Марапатталғандар арасында – Алматы қаласы Білім басқармасының «Мектеп оқушылары сарайы» ШЖҚ КМК директоры Айгүл Байсымақова да бар. Айгүл Болатбекқызы «Құрмет» орденімен наградталды! Құттықтаймыз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-edu/press/news/details/1185705?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді