Наурыз мерекесі мен «Бір ел – бір кітап» акциясына арналған «Ел тарихындағы есімдер» атты конференция мереке қарсаңында №2 ООК-да өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Наурыз мерекесі мен «Бір ел – бір кітап» акциясына арналған «Ел тарихындағы есімдер» атты конференция мереке қарсаңында №2 ООК-да өтті. Кездесу барысында шығармашылық зиялы қауым өкілдері мен №44803 әскери бөлімінің С-300 зениттік-зымыран дивизионының әскери қызметшілері қатысып, елдегі маңызды өзгерістер туралы әңгіме өрбіді. Сондай-ақ қатысушылар халық дәстүрлерін жаңғыртудың маңыздылығы, қазақ жерінің тарихи тұлғалары мен айтулы кезеңдері жайында пікір алмасты. Аталған тақырыптарға арналған көрнекті шығармалардың бірі – «Бір ел – бір кітап» акциясының номинанты Қабдеш Жұмаділовтің «Тағдыр» романы кеңірек талқыланды. Қонақтардың пікірлері бір арнаға тоғысты: көптеген тарихи сынақтарды бастан өткерген қазақ жерінде ең басты құндылық – халықтың амандығы мен бейбіт шаңырақ болып қала береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-saran/press/news/details/1185642?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version