Наурызнама онкүндігі: «Салт-дәстүр – асыл қазына» атты мерекелік іс-шара өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Наурызнама онкүндігі аясында аудан көлемінде ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған «Салт-дәстүр – асыл қазына» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Тағылымы мол шара Н.Ілиясов ауылында өтіп, ауыл тұрғындары мен қонақтарына ерекше мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Іс-шара барысында қазақ халқының бай салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары кеңінен насихатталып, ұлттық мәдениетті ұлықтауға бағытталған мазмұнды бағдарламалар ұсынылды. Қатысушыларға халқымыздың рухани мұрасы таныстырылып, ұлттық өнер мен дәстүрлердің тәрбиелік мәні дәріптелді.

Сонымен қатар мерекелік шара аясында еріктілердің ұйымдастыруымен ауданның ардагерлеріне құрмет көрсетіліп, «Наурыз қоржын» табысталды. Қайырымдылық бастама барысында ақсақалдар мен ақ жаулықты аналарға мерекелік сый-сияпат ұсынылып, олардың қоғамдағы орны мен өмірлік тәжірибесіне зор алғыс білдірілді.

Мұндай игі шаралар ұлттық дәстүрлерді жаңғыртып, ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға және қоғамда рухани құндылықтарды дәріптеуге бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/digital-nauryz/press/news/details/1185561?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version