«ШАҢЫРАҚ КҮНІ» АЯСЫНДА САЛТАНАТТЫ ІС-ШАРА ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

17 наурыз Наурызнама онкүндігінің «Шаңырақ күні». Айтулы мерекеге орай «Руханият» орталығында орналасқан «Неке сарайында» салтанатты іс-шара өткізілді. Мерекелік шараға ардагерлер, мекеме басшылары қатысты.

Шара барысында қонақтар отау құрғандарына 60 жыл толған «Гаухар той» иелері Әшірбековтер отбасы, «Алтын той» иелері Қайрамбаевтар отбасы, «Күміс той» иелері Жылқыбаевтар отбасы және жас жұбайлар Ікірәмбек Нұрасыл мен Қайрат Дильназдың неке қию рәсімдеріне куә болды. Неке қию рәсімін АХАТ бөлімінің мамандары салтанатты түрде жүргізіп, жас жұбайларды қуанышты сәтімен құттықтады.

Мерей той иелері «Шаңырақ күнімен» құттықтап, отбасы құндылықтарын арттыру мен ұлттық дәстүрлерді жаңғыртудың маңыздылығын атап өтті.

Берекесі мен мерейі асқан Әшірбековтер, Қайрамбаевтар, Жылқыбаевтер және Ікірәмбековтер отбасына «Шаңырақ күніне» орай аудан әкімінің мерекелік Құттықтауы мен сыйлықтар табысталды.

Шара соңында аудан өнерпаздары жиналған жұртшылыққа әннен шашу шашып, мерекелік көңіл күй сыйлады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/digital-nauryz/press/news/details/1185562?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version