Құрметті Мақтаарал ауданының тұрғындары!
Сіздерді барша мұсылман қауымы асыға күткен қасиетті Ораза айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Ораза айт – рухани тазару мен жаңарудың, мейірім мен кешірімнің, қайырымдылық пен ізгіліктің айқын көрінісі. Қасиетті Рамазан айында әрқайсыларыңыз сабыр мен шүкіршілікті серік етіп, игі істерге ұмтылып, мұқтаж жандарға қол ұшын созып, үлкен сауапқа кенелдіңіздер. Ұстаған оразаларыңыз, жасаған барлық дұға-тілектеріңіз бен қайырлы амалдарыңыз Алла Тағала тарапынан қабыл болсын!
Бұл айт мерекесі – адамдар арасындағы татулық пен бірлікті нығайтып, бауырмалдық пен сыйластықты арттыратын ерекше күн. Осындай берекелі сәттерде ағайын-туыс, көрші-қолаң бір-біріне ізгі тілектерін арнап, қуанышпен қауышады. Сондықтан әр шаңырақта шаттық пен күлкі, ырыс пен береке орнасын деп тілеймін.
Мақтаарал ауданының өсіп-өркендеуі мен дамуы – ең алдымен, сіздердің ынтымақ-бірліктеріңіздің, адал еңбектеріңіздің нәтижесі. Алдағы уақытта да ауданымыздың әлеуетін арттырып, халықтың әл-ауқатын жақсарту жолында бірлесе еңбек ете беретінімізге сенімім мол.
Осы жарқын мереке әр отбасыға амандық, зор денсаулық, бақ-береке, молшылық әкелсін! Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын! Әр күніміз қуаныш пен жақсылыққа толы болғай!
Ораза айт құтты болсын!
Ізгі тілекпен,
Мақтаарал ауданының әкімі
Бақыт Асанов
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-maktaaral/press/news/details/1185740?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау