Жетібай ауылы аумағында орналасқан №10 өрт сөндіру бөлімінің ауласындағы «Тұрмыс Сервис» мекемесіне қарасты трансформаторда техникалық ақау анықталып, оны жою бағытында жедел шаралар қабылданды. Ақаулық анықталған сәттен бастап жауапты мамандар тарапынан шұғыл түрде тексеру және қалпына келтіру жұмыстары ұйымдастырылды. Электрмен жабдықтауда үзіліс болмас үшін бөлім аумағында резервтік генератор іске қосылып, уақытша қуат көзі ретінде пайдаланылды.
Кейін «Тұрмыс Сервис» мекемесінің білікті мамандары күрделі техникалық диагностика жүргізіп, трансформатордағы ақауларды толық көлемде жойды. Жүргізілген жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарының нәтижесінде кешкі сағат 19:00-де электр желісі қайта іске қосылып, елді мекен тұрғындарына электр энергиясы толық көлемде берілді.
Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-karakiya/press/news/details/1185739?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау