Орал қаласында 2026 жылға арналған «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 19 қаңтар мен 28 ақпан аралығында қала тұрғындарынан жобалық ұсыныстар қабылданды. Нәтижесінде барлығы 43 жоба ұсынылды.
Ұсынылған жобалар сараптамалық кеңесте қаралып, оның ішінен 9 жоба іріктеліп алынды:
1. Деркөл кентіндегі орталық саябақты абаттандыру;
2. Жеңіс шағын ауданы 32/1, 33/3 үй аумағына балалар ойын алаңын орнату;
3. Махаббат аллеясы;
4. Зачаганск кенті, Т.Бигелдинов аллеясы;
5. Қажымұқан мен Малин көшелеріне балалар ойын алаңын орнату;
6. 10-шағын аудан, «Мұрагер» балабақшасының алдын абаттандыру;
7. 4-шағын аудан, 32-үй маңына тұрғындарға арналған бульвар орналастыру;
8. С.Датов көшесі, 32/2 үй аумағына балалар ойын алаңын орнату;
9. Жаңа Орда шағын ауданы, 3-үйге кірме жолды абаттандыру.
23 наурыз – 10 сәуір аралығында ұсынылған жобалар бойынша әкімдіктің ресми интернет-ресурсында электрондық дауыс беру жүргізіледі.
Ал 13–17 сәуір аралығында дауыс беру нәтижелері бойынша қорытынды шығарылатын болады.
Құрметті тұрғындар!
Жобаларды жүзеге асыру дауыс беру нәтижесіне байланысты жүргізіледі. Тұрғындар тарапынан ең көп қолдау мен дауыс жинаған жобалар бірінші кезекте іске асырылады. Сондықтан қала аумағын дамытуға бағытталған жобаларды қолдап, дауыс беруге белсенді қатысуға шақырамыз.
Дауыс беру үшін төмендегі сілтеме арқылы өтуге болады:
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/uralsk/press/news/details/1186004?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау