Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Руслан Рүстемов, Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов, Мұрат Ергешбаев жаңадан ашылған «Құзыреттілік орталығының» жұмысымен танысты.
Екі қабатты, сәулеті ерекше, 1000 орындық жаңа ғимарат қайтарылған активтер есебінен салынған.
Мұнда студенттер халықаралық кәсіби шеберлік жарыстарына дайындалады. Орталық сарапшылық қауымдастықты дамыту, жұмысшы мамандықтардың танымалдығын, оған жастардың қызығушылығын арттырудың бірыңғай жаттығу базасына айналады.
Кәсіби дағды қалыптастыруға, педагогтердің, жас мамандардың озық технологиялармен жұмыс істеуіне, еңбек нарығында сұранысқа ие маман болып қалыптасуына жол ашады.
Жаңа әрі заманауи ғимарат республикалық, халықаралық, деңгейдегі форумдар, конференциялар, семинарлар мен көрмелер өткізуге де бейімделген.
Айта кету керек, өңірде білім беру саласына 2022-2025 жылдары 1 трлн. 159 млрд. теңге, биыл 302 млрд. 196 млн. теңге қаралды. 2022 жылдан бері 43 жаңа заманауи білім беру нысаны салынып, пайдалануға берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1186876?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау