«Қош келдің, құт-берекем — Наурызым!» Наурыз мерекесіне арналған көпшілік шара

Жарияланды:

Автор:

категорияда

21 наурыз күні — жыл басы, Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамы Кабанбай ауылында жоғары деңгейде аталып өтті.

Мерекелік жиында Алакөл ауданының әкімі Алмас Сапарғалиұлы ауыл тұрғындарын Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді. Сонымен қатар, қазақтың тағылымды дәстүрін жаңғыртып, ауылымыздағы «Күміс алқа» иегері ананың, Тұнтышбаевтар отбасында дүниеге келген сәбиге арнайы ат қою рәсімі өткізілді. Сәбиге «Әміре» есімі беріліп, ел болашағын ойлайтын саналы, парасатты азамат болсын деген ақ батасын берді.

Шара барысында ауыл халқы әр мекеме тіккен киіз үйлерді аралап, ұлттық тағамдардан дәм татып, Наурыз мерекелік көңіл күйге бөленді. Сонымен қатар, ұлттық ойындар ұйымдастырылып, көпшілік белсене қатысты.

Мәдениет үйінің өнерпаздары ұсынған концерттік бағдарлама да ерекше әсерге бөледі. Әсем ән мен күмбірлеген күй, мың бұралған би көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлап, мерекенің шырайын аша түсті.

Бұл күн ауыл тұрғындары үшін бірлік пен берекенің, жаңару мен жақсылықтың жарқын мерекесіне айналды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-kabanbai/press/news/details/1186872?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version