Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД тыйым салынған заттарды лақтырмақ болған азамат ұсталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД-ға қарасты №14 мекемеде «Заслон» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында тыйым салынған заттарды мекеме аумағына лақтырмақ болған азамат ұсталды.

Тексеру барысында ұсталған азаматтан скотчпен оралған 8 түйіншек табылды. Олардың ішінен 10 ұялы телефон, насыбай және спирттік ішімдіктер тәркіленді.

Аталған құқық бұзушылық фактісі мобильді бейнетіркегіштерге жазылып алынды. Қазіргі уақытта ұсталған азаматқа қатысты әкімшілік жауапкершілік мәселесі қаралуда.

Естеріңізге саламыз, «Тосқауыл» республикалық режимдік-профилактикалық іс-шарасы қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріне тыйым салынған заттарды жеткізу арналарының жолын кесуге бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duisalmjetobl/press/news/details/1188945?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version