Брифинг: МЕРЕКЕ КҮНДЕРІ ҚАУІПСІЗДІК ҚАҒИДАЛАРЫ САҚТАЛДЫ МА?

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Наурыз мерекесі күндері өңірде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында бірқатар мекемелер күшейтілген қызмет режимінде жұмыс істеді. Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен баспасөз конференциясында осы жөнінде тарқатылды.

– 21-26 наурыз аралығында барлық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеді. Тәулігіне орта есеппен 164 қызметкер, 45 техника, 1 кинологиялық есеп тобы, 8 ұшқышсыз ұшу аппараты және 2 тікұшақ кезекшілікке тартылды. Сонымен қатар, Сырдария өзені мұздан толық тазарып, су басу қаупі жойылды. Байқоңыр ғарыш айлағынан жүк кемесінің сәтті ұшырылуы да мерекелік күндердің маңызды оқиғаларының бірі болды, – деді Қызылорда облысы ТЖД Жоспарлау және жедел басқару орталығының бастығы Айтпаев Данияр Асқарұлы.
Сонымен бірге ол тұрғындарға өрт және судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау жөнінде атап өтті.

Қызылорда облысы ТЖД

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-kyzylorda/press/news/details/1188946?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version