БӘЙДІБЕК: СУ РЕСУРСТАРЫ МИНИСТРІ АУДАНДАҒЫ «БӘЙДІБЕК – АТА» СУ ҚОЙМАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Бәйдібек ауданына арнайы іссапармен келіп, салынып жатқан «Бәйдібек-ата» су қоймасының құрылыс барысымен танысты.
 
Жоба аясында бүгінде негізгі бөгеттің жер жұмыстары және ұзындығы 20 шақырымды құрайтын арнаның жер қазу жұмыстары жүргізілуде. Құрылысты «МК Технострой сервис» ЖШС жүзеге асыруда. Жобалаушы – «Проект-А» ЖШС. Жобаның жалпы құны – 15,7 млрд теңгені құрайды.
 
Аталған стратегиялық маңызы бар нысанға бірге келген Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұрбол Әбдісаттарұлы Тұрашбековтың тұрақты бақылауында екендігі аталп өтілді. Өңір басшылығы тарапынан жобаның сапалы әрі уақытылы жүзеге асырылуына ерекше мән беріліп, тұрақты тапсырмалар берілген.
 
Сонымен қатар, аудан әкімінің міндетін атқарушы Бақыт Қырғызалиев және жауапты сала басшылары тарапынан нысандағы құрылыс жұмыстарының қазіргі жағдайы мен алдағы жоспарлары баяндалды. Министр құрылыс сапасына, белгіленген мерзімдердің сақталуына және қауіпсіздік талаптарының орындалуына ерекше назар аудару қажеттігін атап өтті.
 
Жалпы, «Бәйдібек-ата» су қоймасының құрылысы ауданның су ресурстарын тиімді басқаруға мүмкіндік беріп, суармалы егіншілікті дамытуға, сондай-ақ өңірдің су қауіпсіздігін қамтамасыз етуге оң ықпалын тигізеді.
 
Бәйдібек ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-baidibek-audany/press/news/details/1188083?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version