2026 жылғы 26 наурызда Самар ауданы мәслихатының 2026 жылға бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес экономикалық реформалар, бюджет, кәсіпкерлік қызмет, агроөнеркәсіптік кешен, экология, қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның кезекті отырысы өтті.
Отырыс барысында 2026 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық барысы және Самар ауданындағы мобильді топтардың дайындығы туралы мәселе қаралды. Жауапты тұлғалардың баяндамалары тыңдалып, 2026 жылғы көктемгі су тасқыны қаупі кезеңіне дайындық деңгейі талқыланды. Қаралған мәселе бойынша тиісті қаулылар қабылданды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-samar/press/news/details/1188088?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау